6 әкім қызметінен босатылды

0 310
Қостанай облысында 6 әкім қызметінен босатылып, олардың орнына 6 әкім тағайындалды.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов 6 адамды қызметінен босатып, олардың орнына 6 жаңа әкім тағайындады.

«Қала мен аудан мәслихаттарының депутаттарымен келісе отырып, өз өкімімен келесі кадрлық өзгерістер енгіздiм. Арқалық қаласының әкімі болып Асанов Әмірхан Біркенұлы, Лисаков қаласының әкімі болып Ыбраев Абай Сәрсембайұлы тағайындалды. Одан әрі Амангелді ауданының әкімі болып Карбозов Талғат Тойшыбекұлы, Жітіқара ауданының әкімі болып Утегенов Нұржан Қайыржанұлы, Қарабалық ауданының әкімі болып Халықов Руслан Болатұлы, Науырзым ауданының әкімі болып Әбішев Қайрат Тынымбайұлы болып тағайындалды», – деп хабарлады әкім өзінің Instagram парақшасында.

aikyn.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.