21 жастағы жігіттің мәйіті көлігінің жүксалғышынан табылды

0 192

Қырғызстанның Нооқат ауданында 21 жастағы жігіттің мәйіті өз көлігінің жүксалғышынан табылды.

Ош облысы ішкі істер басқармасының хабарлауынша, 23 мамырда милицияға Алашан ауылының 38 жастағы тұрғыны інісінің жоғалғаны туралы хабарлаған. Ол 21 мамырда күндіз Daewoo Lacetti көлігімен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Милиция Көк-Жар ауылындағы шайхананың ауласынан жігіттің көлігін тапты. Ал жігіттің денесі көліктің жүк салғышынан табылды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері бар. Осыған орай, тиісті сараптама тағайындалды.

Қылмыс жасады деген күдікпен Көк-Жар ауылының 17 және 20 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.