«18 рет ота жасалған»: 40 жастағы түркістандық әйелдің отбасы күтпеген жерден тосынсыйға тап болды

0 338

Отандық журналист Айдос Игіліков бірнеше қайырымдылық қорларымен бірлесе отырып, әлеуметтік жағдайы төмен 13 отбасының үйлі болуына септігін тигізді. Соңғы рет ол Түркістандағы ерекше жанұяның баспаналы болуына үлес қосқан. Атап айтар болсақ, 18 рет ота жасаған үш баланың анасына Түркістан төрінен бес бөлмелі үй берілді

Алтынкүл Сырлыбайқызы 1980 жылы дүниеге келген. Үш баласы бар, сегіз жылдан бері пәтер жалдап тұрады. Біреуден ілгері, біреуден кейін өмір сүріп жатқан отбасының жағдайы Алтынкүлдің сырқатынан соң күрт төмендейді. Ішкі құрылысы зақымданған отанасы жалпы есебі 18 рет ота жасатқан. Күйеуі Қайрат жалдамалы жұмысшы ретінде азын-аулақ табыс табады. Бірақ әйелінің жағдайына байланысты көбіне үйден алыстай алмайды.

Осыдан бір ай бұрын Алтынкүлдің көзіне ота жасалды. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды үнемі назарда ұстайтын журанлист Айдос Игіліков бұл жанұяның жағдайы ерекше алаңдатқанын айтады. «Әлеуметтік желі арқылы да, жұмыс орныма іздеп келіп те көмек сұрайтындар көп. Әрине, барлығын бірдей қамтып, бәріне қол ұшын созу мүмкін емес. Бірақ шамам жеткенше қайырымдылық қорларына хабарласып, жағдайы төмен, біздің көмегімізге зәру адамдарға бей-жай қарамауға тырысамын. Жақында «Айдың нұры» қайырымдылық қорының демеушілігімен 18 рет пышақ астына түскен үш балалы анаға үй сыйладық.

Осындай кезде қарап қалмайтын аталған қор басшылығына алғысым шексіз», — дейді журналист. Енді Айдос Тұрғанбай аталған отбасыға материалдық көмек көрсету жағын қолға алуда. Азық-түлік және өзге де қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін жергілікті әкімдік пен жеке кәсіпкерлерден көмек сұрамақ.

Әріптестері Шарын шатқалындағы селден көз жұмған мұғалім туралы айтты «Арманым»: Нәрестемен суретке түскен Мадина Сәдуақасоваға ел сүйсінді Актриса Сая Оразғалиева мешітте некесін қидырды (фото) Кредит пен қарызды жабу: Зейнетақы жинағын пайдалану ережесіне қандай өзгерістер енгізіледі Америкалық ғалым COVID-26 мен COVID-32 қаупін ескертті

Ибрагимовтің желідегі парақшасы Шарын шатқалында селден қаза тапқан мұғалім Алматыдағы №199 гимназияда жұмыс істеген. Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға кезінде ол балаларға көмектескен деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Алматы қалалық білім басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, сел кезінде көз жұмған мұғалім- 26 жастағы Мерей Ибрагимов.

Ол көркем пәндерден сабақ берген. Жұмыс өтілі – 5 жыл. Оның 3 жылында Алматы қаласындағы №199 гимназияда жұмыс істеген. Әріптестерінің айтуынша, Мерей өте жауапты маман болған. «Барлық оқушының сүйікті ұстазы, өз ісінің шебері еді. Ерекше шығармашылық адамы, көшбасшы, мақсаты айқын ұстаз болатын. Жан-жағындағыларға күлкі сыйлап жүретін», — дейді марқұмның әріптестері.

Еске сала кетсек, 29 мамырда Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болып, тағы 6 адам зардап шеккені хабарланған болатын. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР «Көрер жарығы бар екен»: Қызметкерлер сел алып кеткен оқушыны қалай тапқандарын баяндады Кейін еліміздің білім және ғылым министрлігі аталған оқиға салдарынан 1 оқушы мен 1 мұғалімнің қаза тапқанын мәлім етті.

«Өкінішке орай, келіп түскен ақпаратқа сәйкес, экскурсияға барғандардың арасында Алматы қаласындағы №199 гимназияның 8 оқушысы болған. Оларды 5 ата-ана мен 3 мұғалім ертіп жүрген. Қайғылы жағдай салдарынан 1 оқушы мен бейіндік пән мұғалімі қайтыс болды. Қаза болғандардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз», — деген еді ведомство хабарламасында.

nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.