15-ші шағын ауданға интернет келді

0 28

Тараз қаласында салынып жатқан 15 шағын ауданының 33 көпқабатты үйінің тұрғындары енді жоғары жылдамдықты интернетті қосу мүмкіндігіне ие болды. «Қазақтелеком» АҚ мен Тараз қаласының әкімдігі арасында бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй массивтері мен мемлекеттік мекемелер объектілеріне телефонмен жабдықтау үшін салынған FTTH желісін бірлесіп пайдалану туралы Меморандумға қол қойылды.

 

Бүгінгі таңда 15- шағын ауданның 300-ден астам тұрғыны интернетті қосып, «Қазақтелекомның» тұрақты абоненттеріне айналды. Тұрғындардың айтуынша, интернет жылдамдығы үлкен көлемдегі файлдарды еш қиындықсыз жүктеуге, видео көруге, онлайн ойындар ойнауға еш кедергісіз мүмкіндік береді.

«Біз жақында 15- шағын аудандағы жаңа пәтерге қоныстандық және мұнда талшықты-оптикалық Интернетті қосу мүмкіндігі бар екенін білгенде өте қатты қуандық. «Қазақтелекомға» өтінім беріп, интернет пакет пен екі сим картаны таңдадық. Қазір бүкіл отбасы интернетті пайдаланады: жұмыс және оқу барсымыен біз әртүрлі бағдарламаларды, фильмдерді көреміз, балалар ойын ойнайды. Интернет біздің өміріміздің қажетті бөлігіне айналды!»,- деп атап өтті 15 -шағын ауданның тұрғыны Қанат Айнақұлов.

15- шағын ауданның құрылысы «Нұрлы жер»мемлекеттік бағдарламасы аясында жүріп жатыр. Мұнда 280 көпқабатты және 922 жеке тұрғын үйлер салынады. 362 га аумақта коммерциялық, әлеуметтік және әкімшілік-іскерлік нысандар, тұрғын үйлер, саябақтар мен скверлер орналасады. Шағын аудан 30 мыңнан астам адам тұруға есептелген, таяу болашақта қаланың жаңа мәдени-іскерлік орталығы болады деп күтілуде.

«Қазақтелеком» АҚ» Қоғаммен байланыс қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.