12 жастағы жасөспірім 9 жастағы қызды ағаларының көзінше зорлаған

0 580

Свердлов облысының Краснотурьинск қаласында 12 жастағы мектеп оқушысы 9 жастағы қызды екі ағасы мен досының көз алдында зорлады.

Басылымның мәліметінше, жасөспірімдер қызды қосалқы шаруашылық ауданындағы орман алқабына алып кеткен. Содан кейін жігіттердің біреуі оны зорлаған. Құқық қорғау органдары 23 сәуірде балалар орманға от жағып, отырыс жасау үшін келгендерін айтқан. Қазіргі уақытта оқушы үй қамауында. Жасына байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтыны айтылды.

Орманда ағалардың үлкені қызды жерге жатқызып, шешіндіріп және басқалардың көзінше зорлаған. Осы жағдайдан кейін қыз анасының жұмысына келіп, болған жайттың бәрін айтып берген. Зәбір көрген қызды ауруханаға апарды. Көршілер қызды сабырлы және сенімді деп сипаттап, өгей әкесімен бірге тұратынын айтты.

kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.