1 тонна мақсарыдан 200 литр сұйық май шығаруда

0 398

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы қайтарымсыз грантқа қол жеткізген кәсіпкерлердің жұмыс барысымен Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев танысып шықты.

Солардың бірі жеке кәсіпкер «Санжар» зығыр майын өндіру цехын көрді цехтағы қондырғы орнатылған зығыр майын өндіру үшін кәсіпкер мақсары өнімін егістіктен жинайтынын айтты.

Кәсіпкердің айтуынша 1 тонна мақсарыдан 200 литр сұйық май шығарады екен.

Аудан басшысы өз тарапынан кәсіпкерлерге қазіргі кездегі мемлекеттік қолдаулар бойынша ақпаратты түсіндірді және цехтарын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуге шақырды.

Сөз соңында бұл цехтардың аудан экономикасына тигізер үлесі мол екендігін айта кетті.

Дариха Үмбетиярова,
Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.